Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қытайда дәл тойдың үстінде күйеу жігіт қалыңдығының опасыздығы үшін кек алды. Ол қалыңдығының жездесімен көңілдес болып, түн өткізгенін білдірмей видеоға түсіріп алып, тойда барлық қонақтарға көрсеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі dailystar порталына сілтеме жасап.
Жігіт қалыңдығының өзінің көзіне шөп салып жүргенін білсе де, қалыңдығынан кек алу үшін тойға дейін үндемеген. Кейін салтанатты рәсім кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт балалық шақтарындағы естелік видеоларды тамашалаймыз деп барлық қонақтарымен, туыстарымен бейнежазбаны қосқан. Екеуі сахнаға шығып үлкен экранға назар аударады.
“Мені білмей қалады деп ойладың ба”,- деп жігіт қалыңдыққа айғайлап, ол жердегі ұятты көріністен соң, қалыңдықтың кеудесінен итеріп жіберген. Ал ұятқа қалған қалыңдық жігітке қолындағы гүлін лақтырады.
Қалыңдық жігітінің сыртынан өзінің қайын әпкесінің күйеуімен көңіл жарастырған. Жігіт көрсеткен видеода олар бір бөлмеде жыныстық қатынаста болған.
Бұл оқиғаның жалпы видеосы ТикТок желісінде тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті.
Кейбірі күйеужігіттің бұл әрекетін құптамай, қандай жағдайда да қыздың абыройын туыстарының алдында төккенін дұрыс емес деп тапса, кейбірі керісінше жақсы сабақ бергенін жазып пікір қалдырған.
“Бір жеңілдеп қалған шығар. Тойға дейін осы сәтті қалай шыдап күтті екен”, “Ол әдейі өз тойында қалыңдығының шынайы бет-бейнесін туыстары мен достарының алдында ашып берді”,- деген пікірлер болды.