Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Денсаулық сақтау министріне ризашылығын білдірді
Бүгін Түркістан облысынан жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келіп, өңірдегі жұмыстармен танысты. Ол Түркістан қалалық емханасының үздік тәжірибелер орталығына барып, ондағы ауруларды басқару бағдарламасы бойынша жұмыс атқаратын кабинет, балалардың ерте жастағы бақылауын қадағалайтын әмбебап прогрессивті моделі бойынша жұмыс жасайтын кабинет, сонымен қатар психологтармен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының жұмыс барысын көрді.
Бірқатар нысандарды аралап болған соң халықпен кездесуде облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы министрге ризашылығын білдірді. Ол облыстағы медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстар өз деңгейінде екенін айтып, халық оң бағасын беретінін жеткізді. Сонымен қатар аталған саланы одан әрмен жетілдіру жолында өзінің талап-тілек, ұсыныстарын білдірді.
Өз кезегінде министр ақсақалдар алқасының төрағасының ұсыныстарын назарға алатынын айтты.