Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Oinet.kz 07-07-2022 580

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сендірген. Содан жәбірленушіден 270 000 теңге ақша алып, не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармай созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды

Screenshot_10.jpg

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Мүліктеріңізді, ақшаны бөтен біреуге беруден алдын, оған сенуге болатынына толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер суға шомылу маусымында 30-дан астам тұрғынға ескерту жасады
Полицейлер «Playstation» жалға алып, оны ломбардқа өткізіп жіберген жас жігіттерді ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу