Доллар мен рубль арзандады

Oinet.kz 04-07-2022 2060

Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 464,39 теңге (-1,58) болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_19.jpg

Рубль бағамы да төмендеді (- 8,4509 теңгеге дейін, -0,4291).

Кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша еуро бағамы, керісінше, көтеріліп, 486 теңгеге (+2,50) жетті.

Бұған дейін Ұлттық банк 5 шілдеге доллар мен рубльдің теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялаған болатын. Сейсенбі, 5 шілдеде доллардың ресми бағамы 464,16 теңгеге тең болады. Ал Ресей рублінің ресми бағамы 8,42 теңге.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 462.93 теңге, сату - 466.14 теңге. Рубльді сатып алу - 7.49 теңге, сату - 7.68 теңге.

Ақмола облысының 79 жастағы тұрғыны балконнан секірмек болды
Шымкенттегі қонақ үйде күйеу жігіт қызды өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу