Ақмола облысының 79 жастағы тұрғыны балконнан секірмек болды

Oinet.kz 04-07-2022 671

Ақмола облысы, Степногорск қаласында 79 жастағы әйел суицид жасамақ болды. Полицейлер оны құтқарып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_18.jpg

4 шілде күні сағат 12:50-де полицияға әйелдің көршісі хабарласып, көмек сұрады. Оның сөзінше, зейнеткер өзіне өзі қол салатынын айтып қорқытқан. 

79 жастағы әйел балконның қиыр шетінде тұрған. Есікті ішінен іліп алған әйел төменге секіретінін айтқан. 

Полицейлердің бірі әйелдің назарын аударып тұрған сәтте екіншісі есікті сындырып, лезде әйелдің жанына жетіп, оны күшпен ішке алып кіргізді. 

Полицейлер көші-қон заңын бұзған 1000-ға тарта азаматты анықтап, 79 шетелдікті елден аластатты
Доллар мен рубль арзандады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу