8 бас жылқының етін алдап алып, алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Oinet.kz 04-07-2022 473

Screenshot_13.jpg

Ордабасы аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша, танысы шаруа қожалығынан «жылқы еттерін сатып, әр айдың соңында ақшасын жинап беремін» - деп, сеніміне кіріп, 8 бас жылқы етін алып кеткен. Арада 1 жылға жуық уақыт өтсе де, ол созбалыққа салып, сол күйі еттің ақшасын қайтармаған. Жәбірленушіге келген шығын 2 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Ол бұрын сотты болған орта жастағы әйел.

Күдікті әйел еттерді сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген.  Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез-келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Мүліктеріңізді бөтен біреуге беруден алдын, оған сенуге болатынына толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда
Полицейлер көші-қон заңын бұзған 1000-ға тарта азаматты анықтап, 79 шетелдікті елден аластатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу