Көз тиген биені тастың көмегімен аман алып қалған

Oinet.kz 01-07-2022 3058

Ертеде Бекжан деген кісінің сүтті биесі болыпты. Ол биесін жұрт көзінен таса ,сай ішінде сауады екен. Қымызы бүкіл ауылға жетіпті.

Screenshot_6.jpg

Бірде биесін жасырып сауып жатқанда сайға түсіп келе жатқан бір топ кісіні көреді. Бекжан "Биеге сұқтанса, көз биеге емес, тасқа түссін, тіпә - тіпә!"- бір малта тасты бос шелектің ішіне тастайды. Өзі сүтті сауа береді, аттылар жақын келгенде орнынан тұрып.

- Ассалаумалейкум, жол болсын! - деп сәлем береді. 

- Уағалейкумсалам, балам. Мынадан бері қарап келеміз.

- Биеңді сауып жатырсың ба, әлде иітіп жатырсың ба? - дейді топ ішіндегі ақсақалы.

- Бием оңайлықпен иімейтін еді. Иітіп, әуренеліп жатырмын - деп жауап береді.

- Бәсе біз де солай ойлап едік.

- Екі-үш бие сауым уақыт өтті.

- Желіні бұлақтай не қылған бие? - деп мына бір жас бала таңғалып келе жатыр  еді.

- Біз дес бермей, иітіп жатқан шығар деген едік.

- Біздің болжам рас келіпті, - деп қария әрі қарай жүре береді .

- Жолаушылар кеткен соң Бекжан бос шелекті қарайды.

Малта тас ортасынан қақ бөлінген екен. Осылайша сұқ көз тасқа тиіп, бие аман қалыпты . "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады" деген тәмсіл сөз осыдан қалған екен. Ел ішінде "көз тисе ,тасқа тисін, болмаса өз басқа (өзінің басына )тисін, көз өткеннің көзіне, тіл өткеннің тіліне "тіл көзім тасқа, деген ырымдар бар.

Кішкене балаға немесе асыл текті малға көз тимесін деп көз моншақ, түйреуіш қадайды. Ел сенімінде түйреуіш тосынан келген көзді ,тілді түйреп өтеді деген сенім бар. Енді бірі үйдің босағасына ,көлігіне қызыл шүберек байлайды. Діни-аңыздарда қызыл түс Сүлеймен пайғамбардың жалауы болған деседі. Сүлеймен жын-періге соғыс ашқанда қызыл жалау ұстайды екен. Қызыл тудан жын-перінің қатты үрейі ұшыпты. Қазірге дейін қызыл түсті шүберекке жоламайды екен деседі. Көз бен тілден келетін бәлені ескеріп ,әулие даналар "сұқтанып қарама", тесіліп таңданба" деген ырымдар қалдырыпты .

Салт - дәстүр сөйлейді кітабынан көшіріп алынды.

Күлшан К

Абхазия Тоқаевтан кешірім сұрауды талап етіп жатыр
Путин артық қылам деп тыртық қылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу