Абхазия Тоқаевтан кешірім сұрауды талап етіп жатыр
Абхазиялық такси компаниясының бас директоры Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Джо Байденді "қара тізімге" енгізді. Енді Тоқаев аталған республика аумағында такси қызметін пайдалана алмайды. Компания директоры Александр Басария Газета.Ru-ға берген сұхбатында мұны Тоқаевтың Абхазия тәуелсіздігін мойындамауымен түсіндірді.
Оның айтуынша, Тоқаевтың сөзі тек компания қызметкерлерін емес, бүкіл республика халқын дүрліктіріп, намысына тиді.
"Біз абхазиялық компаниямыз. Сан ғасырлық тарихы бар біздің еліміздің тәуелсіздігін мойындау қажет және мүмкін деп санамайтын және біздің елді "квазимемлекет" деп көретін жолаушыларды тасымалдау біз үшін жағымсыз болып отыр. Қазақстанның тарихынан әлдеқайда ерте бастау алған еліміздің тарихын біз білеміз.
Тоқаевтың пікірін бейсаяси-қисынсыз деп санаймыз. Оның сөзі Абхазияның тарихы мен азаматтардың сезімінің аяққа таптайды. Дипломатия саяси сыпайылықты қажет етеді. Өкінішке қарай, ол Тоқаевта жоқ болып шықты. АҚШ пен Еуропа мысалында заманауи саясат санкциялар мен қара тізімдер тәжірибесін көрсетті. Мұндай тәсілді бізге де қолдануға болады деп санаймын. Сондықтан бұл мәлімдемеге "А-Такси" компаниясы қарсы шара қолданды", – деді такси компаниясының директоры.
Қара тізімнен шығу үшін Тоқаев Абхазия тұрғындарынан кешірім сұрап, мемлекеттің тәуелсіздігін мойындауы керек.