Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәжіліс кулуарында қымбат сағат туралы сауал қойған журналистерден "қашқан" Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа қатысты пікір білдірді, деп жазады OINET.KZ тілшісі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме тастап.
Ералы Тоғжановтың сөзінше, Нұрлыбек Нәлібаев осы мәселе бойынша түсініктеме беріп үлгерген.
"Менің ойымша, онымен сөйлесуге әлі мүмкіндігіңіз көп болады. Мұндай міндет онсызда барлық әкімге жүктелген (қарапайым болуы - ред.). Өзінің функционалдық міндеттемелері аясында барлық әкім орындайды деп ойлаймын. Оған сөгіс жарияланды ма әлде жариялана ма, ол Президент әкімшілігіне қойылатын сұрақ", - деді Тоғжанов.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысы әкімінің сағатының бағасы қызу талқыға түскен еді. Кейінірек, Нәлібаев жағдайға қатысты пікір білдіріп, сағатты мемлекеттік қызметке келмес бұрын сатып алғанын айтты. Осы ретте ол мемлекеттік қызметке дейін бизнеспен айналысқанын жеткізген болатын.