«Қазақстан Полициясының 30 жылдық» мерекесіне орай 7 түрлі спорттық ойын түрінен жарыс өтіп, жеңімп

Oinet.kz 22-06-2022 420

23 маусым - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл! Бұл еліміз Тәуелсіздік алған жылдары халық арасында тыныштықты сақтап, аянбай еңбек еткен ардагерлерге  құрмет көрсету күні. Сондай-ақ қазіргі таңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктікті қамтамасыз етіп, күні-түні қызметте болатын тәртіп сақшыларының еңбегі еленіп марапатталатын күн. Қызмет бабында қаза тапқан батыр полицейлерді еске алып, гүл шоқтарын қоятын күн! 

Screenshot_7.jpg

Осы айтулы мереке күні жылда дәстүрлі түрде Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің арасында кең көлемде спорттық жарыс ұйымдастырылады. «Қазақстан полициясына 30 жыл» қарсаңында да бұл жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстанып, жылдамдыққа, икемділікке бағыттайтын жарыс, Департамент аппараты және қала, аудан Полиция басқарламаларының арасында ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылу салтанатына, ТО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев қатысып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, спорттық сайыста сәттілік тіледі. Жалпы ТО ПД-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық жарыс 20-21 маусым күндері өтті. Оған Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты қала, аудан полиция басқарма, бөлімдерінен 20-дан астам команда қатысты. Спорттық жарыс: «Макаров танашасынан» оқ ату, волейбол, гір тасын көтеру, кермеде тартылу, қол күресі, шағын футбол, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өткізілді.

«Дені саудың –тәні сау» дегендей, полицейлерден құралған командалар жарыстың алғашқы күнінде-ақ бір-бірінен шеберліктері арқылы асып-түсіп, жеңіске жету үшін барын салып ойнады. Тартысты ойын өрнегін көрсеткен полицейлер арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар алға суырылып шықты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Атап айтсақ, «Макаров тапаншасынан» оқ ату бойынша І-орынды полиция майоры Марат Тұңғатов, ІІ-орынды полиция подполковнигі Мұрат Ермеков, ІІІ-орынды полиция подполковнигі Берік Аманбаев иеленді.

Ал волейбол жарысынан «Үдік шабуылшы» номинациясын полиция подполковнигі Самат Дәуленов, «Үздік үйлестіруші» атағын полиция капитаны Ерлан Наматуллаев, «Үздік ойыншыны» полиция аға лейтенанты Болат Ділдахан иеленді.

«Гір тасын көтеру» бойынша І-орынды полиция капитаны Салық Ануаров, ІІ-орынды полиция капитаны Евгений Кульков, ІІІ-орынды Ақжігіт Турегелдиев жеңді.

«Кермеде тартылу» жарысында І-орынды полиция капитаны Нұрболат Орынбай, ІІ-орынды полиция аға лейтенанты Бағдат Ақылбеков, ІІІ-орынды полиция майоры Саламат Нұрмағамбетов қанжығалады.

«Қол күресінен» І-орынды Нұрқанат Утешов, ІІ-орынды Бақытжан Нұрходжаев, ІІІ-орынды Төребек Молдасу жеңіп алды.

«Шағын футбол» ойынында командалық есеппен І-орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің жүйрік командасы иеленді. ІІ-орынды оқу-жаттығу взводы, ІІІ-орын Патрульдік полиция батальонының тобына бұйырды. Ал «Үздік шабуылшы» номинациясын полиция аға лейтенанты Сағи Мәди жеңсе, «Үздік қорғаушы» номинациясы полиция майоры Азат Мұсырманқұловқа берілді. «Үздік қақпашы» полиция капитаны Бейбіт Ажибаев болса, «Ардагер ойыншы» полиция полковнигі Ерлан Шәмшат болды.

Оған қоса «Арқан тарту» ойыны бойынша І-орынды патрульдік полиция, ІІ-орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, ІІІ-орынды оқу-жаттығу взводы алды.

Осы тұста ел мен жердің қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап отыратын, жалпы түрлі қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға қызмет ететін полицейлерді мерекелерімен құттықтаймыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азамат бір күнге басқарма басшысының орнына жұмыс істеп көрді
Әлихан Әмір: «Криминалистика – жалпы алып қарағанда үлкен ғылым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу