Экс-Президенттің туысы Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр - ҰҚК

Oinet.kz 22-06-2022 721

Экс-президенттің немере інісі Қазақстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеліп жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты,  деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.

Screenshot_3.jpg

Мәжіліс отырысынан кейін тілшілердің "Оның қаңтар оқиғасына қатысы бар ма?" деген сауалына Әмірханов осылай деп жауап берді. 

Оның айтуынша, Самат Әбіш қазір Қазақстанда. Тергеу органдары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр.

"Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол сонда болуы керек", - деді Асқар Әмірханов Мәжілесте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Алайда ол тергеу амалдары барысында Самат Әбіштің күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады

Самат Әбіш 2015 жылғы желтоқстан айынан бастап ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болды.

17 қаңтарда ол Алматыдағы "қайғылы қаңтар" оқиғаларына байланысты Тоқаевтың бұйрығымен қыметінен кеткен болатын.

Тоқаев: Владимир Путин Қазақстанның сенімді одақтасы
"Егер Қазақстанға көмек керек болса, бірінші болып тұрамын": Рамзан Қадыров
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу