«Сені де, мамаңды да өлтірем»: 8 жасар қызды өгей әкесі зорлап бедеу еткен

Oinet.kz 21-06-2022 1112

Түркістан облысында 8 жасар қызды өгей әкесі зорлаған. Дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін, оның жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты, деп хабарлайды  “Астана” арнасы. 

Screenshot_16.jpg

Қыздың анасының айтуынша, сұмдық жағдай 23-ші ақпан күні болған. Оның  ауруханаға кеткен сәтін пайдаланған күйеуі көрші ауылдағы бағып жүрген малын тастап, үйге жеткен көрінеді. Үшінші сыныпта оқитын қызымды зорлаған дейді. Көп қан жоғалтқан кішкентай қызды онан кейін сабаққа  жіберген. Бастапқыда "құлап қалды" деп сылтауратқанмен, артынша кешірім сұрап мойындапты. 

Анасының айтуынша, 8 жасар қызға екі рет операция жасалған. Тік ішегін бірнеше жерден тіккен дәрігерлер ақыры жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Қызымның ана болу мүмкіндігінен айрылғанын жақында ғана сотта естідім деп есеңгірейді. Күйеуімен жұптасқан 3,5 жылдан бері қызыма азғындық әрекет жасап келгенін де енді біліп отырмын дейді.   

“Анаңа айтсаң сені тұншықтырып өлтіремін, мамаңды өлтіремін да, сені балалар үйіне өткізіп жіберем. Балалар үйіне өткеннен кейін сен үлкен болғасын сені қатын қып алам қайттан сені деп қорқытқан. Оны әлі күнге шейін айтады маған. Мама, маған сөйтіп айтты деп әлі күнге дейін айтады. Әлі күнге дейін шошып оянады”, – дейді қыздың анасы.

22 жасында «Елеулі еңбегі үшін, Ел ардақтысы» медалін иеленген ақынжанды полицей
Тоқаев: Владимир Путин Қазақстанның сенімді одақтасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу