«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы Отырар ауданында жалғасты
2022 жылдың 13-21 маусым күндері аралығында республикалық деңгейде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы жалғасуда. Мәселен Отырар аудандық полиция қызметкері Зубайра Надирова мен әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу тобының мамандары адам көп шоғырланатын орындарға барды. Оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқықтары қорғалатындығын айтты.
Мемлекеттік мекеме қызметкерлері аудан тұрғындарына отбасы құндылықтары жайлы дәрістер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізді. Сонымен қатар 100-ге жуық жаднамалар таратты. Осы акция аясында полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде 10-ға жуық қыз-келіншектер құқықтық консультация алып, отбасылы ерлі-зайыптыларға заңның негізгі ережелері таныстырылды. Ару аналарымыз бен нәзік жанды қыздарымызға отбасындағы рөлі, түрлі зорлық-зомбылықтың жолын кесу және одан шығар жолдарды қарастыру сөз болып, әйелдердің құқықтары туралы ұсыныс-пікірлер айтылды.
Полицейлер әйелдерге олардың құқықтары қорғалып, психологиялық көмек берілетін арнайы мекемелердің жұмыстары жайлы да толыққанды мәлімет берілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі