Шерім Төлтебаев атындағы саябақ ашылды

Oinet.kz 01-05-2022 1069

Төлеби ауданы Сарқырама елді мекенінде Төлтебаев Шерім Қарарұлы атындағы саябақ ашылды. Ауыл тумасы, «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-нің директоры Мұрат Төлтебаев ауыл төрінен жаңа саябақ салып, ел игілігіне пайдалануға берді. 

Screenshot_1.jpg

Саябақтың ашылуында Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, мемлекет қайраткері Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Әбілқасым Досболов жиналған көпшілікті құттықтап, саябақтың лентасын қиды.   

 Игі іс-шара барысында кәсіпкер Мұрат Шерімұлы қонақтарға арнайы дастарқан жайып, ауызашар берді. Бабалар рухына құран бағышталып, дұғалар оқылды. Саябақтың ашылу салтанатына қатысқан ел ағалары Сарқырама ауылын түлетіп, ел игілігіне еңбек еткен Шерім Қараұлының еңбегі, өмір жолы жөнінде естелік әңгімелер айтты. Әсем демалыс орнының ашылуына орай өнер жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Алтынай Жорабаева әннен шашу шашып, ыстық ықыластарын жеткізді. Сонымен қатар Шерім Төлтебаевтың өнегелі өмірі жайында бейнеролик көрсетілді. 

Screenshot_2.jpg

Жоба құны 700 млн теңгені құрайтын саябақтың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Саябақтың жер көлемі 1,5 гектарды құрайды. Ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналғалы тұрған саябақта аллеялар, фонтан, түнгі жарық, бассейндер, ашық аспан аясындағы мейрамханалар, орындықтар бар. Сондай-ақ, саябақ аумағында қырым ағаштары, көлеңке түсіретін тал-теректер, көздің жауын алатын әсем гүлдер отырғызылған. 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан: Жаңбыр суынан зардап шеккендерге 100 млн. теңгеден астам көмек беріледі
Төлеби ауданында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу