Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Oinet.kz 04-04-2022 1028

Түркістан облысы, Отырар ауданының әкімі тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысының әкімінің өкімімен  Сұлтанханов Сәкен Асылханұлы Отырар ауданының әкімі болып тағайындалды. Өңір басшысы ауданды үш жылға жуық уақыт басқарған Әбдіғали Айтжанұлы Жүнісовті құрметпен зейнет демалысына шығарып салып, оның ерен еңбегін ерекше атап өтті. 

Screenshot_2.jpg

Облыс әкімі жаңа басшының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді. Жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелерді міндеттеді. Ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына инвестициялар мен озық технологиялар тартып, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасап, ауыл, елді мекендерді жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыруды тапсырды.

Сәкен Сұлтанханов 1976 жылы Мақтаарал ауданында өмірге келген. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын, Орта-Азиялық университетін "Автомобиль және автомобиль шаруашылығы" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.   

Еңбек жолында Алматы қаласы бойынша сот орындаушылар және приставтар департаментінде сот приставы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында аға сот орындаушы, Алматы қаласы, Жетісу аумақтық учаскесінде сот орындаушы болып қызмет атқарған. Сонымен бірге «Оңтүстік» салық комитетінің қаржы-шаруашылық жұмысын қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс бөлімінде бас маман-заңгер, Шымкенттегі №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде директор,  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымдарында болған.  2018 жылдан бері Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ordabasy: Кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет
Вячеслав Дудник Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу