Ordabasy: Кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет

Oinet.kz 04-04-2022 587

Бүгін аудан әкімі Бағлан Батыршаев кезекті жеке қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштері бойынша кездесу өткізді. 

Screenshot_1.jpg

Жеке қабылдауда тұрғындар бизнес бастау, тұрғын үйлік және кәсіпкерлікке қажетті жер телімі, коммуналдық тұрғын үй мәселесін айтып, аудан басшысынан көмек сұрады. 

Сондай-ақ, Шұбар, Қажымұқан, Бөржар ауылдық округіне қарасты ауыл, елдімекендерден келген азаматтар жеке және ауылдың ортақ мәселелері бойынша талап-тілектерін баяндады. 

Өз кезегінде аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы әкім орынбасарлары мен ауыл әкімдері, құрылымдық бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың өтініштерін уақытылы орындауды тапсырды. 

Жеке қабылдау барысында аудан басшысы Темірлан ауылының тұрғыны ұсынған қызыл калифорниялық шы¬лаушын асырап, биогумус өндіру жобасына қызығушылық танытты. Әрі алдағы уақытта аталған азаматтың бизнес жобасымен толық  танысып, тиісті кәсіпкерлікке қолдау ұйымдары арқылы көмек көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар, Қайнар ауылынан тамақ өндірісіне қажетті зауыт құрылысын бастауға қажетті жер телімін сұраған кәсіпкер азаматқа аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімімен инвест ұйымдар арқылы қолдау көрсетуге шақырды. 

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Енелерінің тапсырмасын екі етпеген келіндер елді сүйсіндірді (видео)
Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу