Қазақстандағы ең ерекше әдеби сыйлықты ұсынушы меценат кім?
Қазақстанда бірден-бір ерекше әдеби сыйлығы жарияланды. Оның жеңімпазы 500 доллар мөлшерінде өмірлік рентаны (зейнетақыны) ай сайын алатын болады.
Соңғы сәтке дейін меценат есімі қатал құпия болып келіп, бүгін мәлім етілді. Меценат АҚШ және Қазақстанда тіркелген Freedom Holding Corp инвестициялық топтың негізін қалаушысы және мажоритарлық акция ұстаушысы Тимур Турлов екені жарияланды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.
2021 жылдың 21желтоқсанында MECENAT.KZ сайтында Қазақстан туралы үздік роман үшін жаңа жыл сайынғы әдеби сыйлығының жұмыстарын жинау басталды. Әр жылдың жеңімпаздары автордың жеке шотына АҚШ-ның 500 доллары мөлшерінде өмірлік рента түседі. Бұл сыйлық марапаттың мөлшері бойынша әлемде бесінші болады.
Тимур Турлов өзінің Фейсбуктегі аккаунтында жобаға қатысу себептері туралы айтты.
«Ерлан Аскарбеков Қазақстан туралы ең үздік заманауи роман үшін әдеби сыйлықты құру арманы бар екені туралы айтқанда, мен шын ниетпен оған келістім. Біз өмірді сақтау бойынша өнімді біздің компаниямен бірге жасап, байқаудың жеңімпазына ерікті өмірлік зейнетақы аннуитетін сыйлаймыз деп шештік, ол ай сайын АҚШ-нің 500 долларлық баламасында төленіп тұрады. Бұл неліктен маңызды? Нақты жазушылар ұлттық идеяны және мәдени кодты қалыптастыруға көмектесе алады. Бізді біріктіретін дүниені біз барынша бағалай білуіміз керек. Бiз бiргемiз! , - деді ол.
Байқау туралы ережені, көптеген сұрақтарға жауапты, спикерлердің өмірбаяндарын, фото және бейнелерді mecenat.kz сайтынан табуға болады.