Танымал заңгер министрге наразылық танытып, ескерту жасады

Oinet.kz 10-02-2022 2216

Танымал заңгер Айгүл Орынбек Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жасады. Ол құмар ойнайтын генералдың басшылық қызметке келгеніне наразы. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Құмар ойын ойнап, Халықтың қаңқу-қарғысын арқалаған генерал қалай таққа отырды?!

Ерлан Тұрғымбаев мырза! Ішкі істер органы, Полицияның кем-кетігінен күйінген Халық өзгеріс яғни реформа күтіп отыр! Полицияның киімін, басшылардың орнын, қызметкерлердің карточкасын өзгерту - ол РЕФОРМА емес!

Бізге ішкі құрылымдық реформа керек!

Халықпен ашық әрі әділ жұмыс істейтін басшыларды орнынан алып тастап, казино аралап, құмар ойынның қызығына тоймай миллион долларлап ұтылып жүрген генералдарды таққа отырғызу - Сіз үшін реформа жасау ма? Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының “Жұртқа жақын полиция” тұжырымдамасын Сіз және казино-құмар генералдарыңыз жүзеге асырады дегенге Халық енді сенбейді! Сенім көз алдымызда аяққа тапталды!

Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен орнынан босатылған Аян Дуйсенбаевтың онша-мұнша емес, Маңғыстауға полиция департаментінің бастығы болып бір-ақ келуі - Ерлан Тұрғымбаев мырзаның “Халықты Президентімізге қарсы қою саясаты” деп қабылдаймыз! 

Құрметті Президент! Қасым-Жомарт Кемелұлы, бізге Сіздің тұжырым-тапсырмаңыз бен Халықтың талаптарын  ұтымды әрі дер кезінде орындайтын Министр керек! 

Өзгерісті осыдан бастауды ұсынамын!" - деп жазды Айгүл Орынбек.

Сарыағаш ауданында имам 14 жастағы қызды зорламақ болған
«Елде суицид көп болады»: Танымал көріпкел Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу