«Жолдасыңыз адам емес екен»: Майра Мұхаммедқызы күйеуінің әрекетін жайып салды

Oinet.kz 26-01-2022 3035

Коронавирус індеті Майра Мұхамедқызын да айналып өтпеген. Әнші 2020 жылы вирус жұқтырып қатты сырқаттанған. Күйеуі барлық сақтық шараларын жасаған. Майра Мұхаммедқызы бұл жайтты Instagram парақшасында хабарлады.

Screenshot_6.jpg

- Кешеден бері жазылған посттар 2020 жылы коронавирус пен ауырған кездегі біздің отбасының басынан өткен күндерінен естелік еді. Жаңа қарасам Жолдасыңыз адам емес екен деп дайрекке хат түсіпті. Ия, сол кезде менде дәл Сіз сияқты ойлап оған қатты өкпелеп 15 күн сөйлеспей қойғам. 30 жыл бір шаңырақ астында өмір сүрген адамдар едік, мынауың қай сасқаның? деп түсіне алмадым. Мен жатын бөлмеде. Аида залдағы диванда. Өзі басқа бөлмеде. Мысық кітап бөлмесінде. Мұрка күні бойы мяулап "аллю аллю" деп тамағы қарлығып, есікті тырмалап шаршап, Соңында олда тынышталды. Нешінші күн екені есімде жоқ. Басымды көтердім. Үйдің іші тым-тырыс.

Далаға шығатын есіктің сигналы жаңа ғана мұзыкасы ойналып бітті. Ақырын ептеп аяқтың ұшымен бөлмеден шығамғой кинодағыдай, просто қолымда тапаншам жоқ! Кухняға кірсем бүкіл ыдыс-аяқ жәйылымға шыққан. Үй-іші Жәрменке! Менің тамақтанған ыдысым басқалардан мүлдем бір бөлек алыста тұр. Қатты бір өксік қысып тұр тамағымды. Бүкіл жер айғыз-ұйғыз аппақ дақтың ізі (Ол ешқашан ыдыс-аяқты Ферримен жұмайды адамға зиян деп тек СОДАмен) Көз алдамда 50 қап сода тұр.

Магазиндегі соданың бәрі біздің үйде дүкенде Сода қалмаған шығар-ау сирә деп ойлап тұрғанымда: “МаМа” деп шыр еткен дауыс. Аида жүгіріп келіп белімнен құшақтап мені бас салғанда, вирусың қайда өзім қайда екеуміз аңырап жылап көрісіп тұрмыз. Бір-бірімізді жоғалтып алған адамдар сияқтымыз. Біраздан соң, есіме өзімнің вирусшы екенін есіме сақ ете қалды да, Аиданы екі метр алыстау жерге отырғызып, Бүгінгі болған көрісуді әкеңе айтпаймыз! Енді осыдан былай жасырын түрде кезігіп тұрамыз деп уәделестік.

Баламның көзіндегі жаңағы мен көрген қорқыныш сейілдеп күлкісінен сезіп тұрмын әкесінің бүкіл қимылын жыр қылып мазақтап айтып тұрғанынан. Әкем сырттан азық-түлік сатып әкеледі де, балконға шығарады. үстіне спирт шашады. Сол жерде бүкіл киімін шешіп іліп қойып оғанда шашып сосын душ қабылдап таза киімін киіп шығады. Лифтің нөмірін машинаның кілттімен басады. Қолында қолғап аузында маска! ол рас. Менің бөлмеме күніне ерте кеш мені ванна бөлмеге кіргізіп тастап, бүкіл терезені ашып тастайды.

13-қабаттағы терезеден соққан Астананың ызғарын ойлап көріңіз! Сосын, орын көрпе жастыңтың тысын қопарып жаңалап, онымен қоймай менің үстімдегі киімдерді шешіп алып кетеді. Бәрінен қызығы кірді жуып болғасын машинаны ерінбей уксус не спирт барма тазалап шығады дейді. Мүмкін сондай тәртіп пен тазалықтанда шығар аман қалғаным кім білсін? Аида жатарда менің майкымды іскеп ұйықтап жатыр. Е, Балаға анадан басқа не керек дейсін…

Коронавирус шынымен бүкіл әлемді жалмады. Қанша жазықсыз адамдар көз жұмды… Ол тұралы фильмдерге не бір сюжеттермен оригинальды хикаялар жетеді. әр отбасы бір-бір кино!

Бұл індеттің көзі жойылып бұрынғы өмірімізге қайта оралсақ екен деген азамзаттың ортақ үмітіне айналды бүгінде.

P.S: Дымда қызық емес. Ауру жәйлы жазбайтын болам!", - деп желідегі парақшасында басынан өткен жайтты жазды.

Қайрат Нұртастың жұбайы балаларды қалай тәрбиелеу керек екенін айтты
Ар алдында арылу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу