Меруерт Түсіпбаева Павлодар қаласының атын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы деп өзгертуді ұсынды
Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасында Павлодар қаласына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының есімін беруді ұсынды.
"Неге мен туып өскен қала, “Павлу дарен”? Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсірген….Еліміздің болашағын болжап кеткен ғұлама. Сол себепті де Павлодар қаласының атын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қылып атайтын уақыт келді" - деп жазды әнші.