Роза Рымбаева не үшін екінші рет тұрмысқа шықпағанын айтты
Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева алғаш рет өзінің жеке өмірі туралы сөз қозғады. Ол өзіне сөз салғандар аз болмағанын, алайда өзіне тең болар адамды кездестірмегенін жеткізді. Бұл туралы әнші "Әйел әлемі" бағдарламасында әңгімеледі.
Сұхбат барысында Роза Рымбаева жеке өмірінен гөрі балаларын биік қойып, өзгемен көңіл жарастыру туралы мүлдем ойламаған.
"Ондай ой да, жоспар да, мақсат та болған емес. Біреулер "мына балаларыма әке керек, қалай асырмаймын" деп ойлайды ғой. Бірақ неге екенін, менде ондай болған жоқ. Ондай адам кездеспеген шығар. Сенетін, қатты жүрегіммен қабылдайтын адамды кездестірмеген шығармын деп ойлаймын. Менде аса іздегем жоқ. Көңіл білдірген, сөз айтқан кісілер көп. Бірақ ешкімді қабылдай алмадым. Әңгімесін, сөзін.
Өзіме тең адам таппадым. Бірақ іздемедім де. Мендегі мақсат тек екі баланы жеткізу болды. Солардың денсаулығын, өмірін көбірек ойлайтынмын. Олар қарсы болмас еді, әрине. Бір күні Мәди "әрине, оның құқығы бар. Бірақ мен қаламаймын" деп. Айтуын айтады, кездестірсе барсын деп. Бір жағынан осы да дұрыс шығар. Екі балаңа бөтен біреу әке бола алмайды", - деді әнші.