«Халық автобуспен жүрсін» деген кеңесшісі бар министр қызметімен қоштасты

Oinet.kz 12-01-2022 8727

ҚР бұрынғы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отставкаға кеткеннен кейін қоштасу жазбасын жазды деп хабарлайды Oinet.kz

Screenshot_9.jpg

«Бүгін мен Энергетика министрі лауазымындағы жұмысымды аяқтадым.Маған жоғары сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын.Сонымен қатар, әріптестеріме, ардагерлерге және мұнай саласының мамандарына қысқа мерзімде бірлескен жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Болат Ақшолақов өз ісінің кәсіби маманы, осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп келеді. Сізге сәттілік пен табыс тілеймін!» – деп жазды Мирзағалиев Twitter-де.

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып 4 ай жұмыс істеді. Оның штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдинов автокөлік газының бағасына қатысты пікір білдіріп, оның қымбаттығына наразы жұртқа ұрсып тастаған болатын.

«Бағаны нарық анықтайды. Ол табысқа тәуелді емес. Адамдар газдың бағасына көңілі толмаса, қоғамдық көлікті пайдалансын. Бұл енді проблема емес шығар?» – деген еді Олжас Байділдинов. Кеңесшінің осы бір пікірі ел ішінде шу тудырып, халықтың наразылығына ұшырады.

Жалғыз өзі көтеріліске шыққан мас елді күлкіге қарық қылды (видео)
Қырғызстан аруы – 2014: «Дикий» Арманның әйелі кім? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу