Елбасының «аты» өшті
17-02-2023
Елбасы Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі Ермұхамет Ертісбаев Дариға Назарбаеваның саяси сахнадағы орнына қатысты пікір білдірді. Ол Дариға Нұрсұлтанқызын бүкіл халық жақсы көретін ханшайым ретінде көргісі келгенін, алайда олай болмағанын өкінішпен жеткізді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы елді керемет басқарғанымен, отбасын уысында ұстай алмады, - деп пікір білдірді. Бұл туралы Ертісбав Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында мәлімдеді.
Ертісбаев Дариға Назарбаеваның саясатқа келуін 1995 жылы "Хабар" арнасын басқаруымен байланыстырды.
"Дариғаның соңғы атқарған қызметі - Сенат төрайымы, еліміздегі екінші адам. 1995 жылы "Хабарды" басқарғаннан бастап... Телеарна деген не? Саясатқа бірден-бір жақын сала. Мен оның көптеген әрекеттерін құптамадым. Әсіресе, "Асар" партиясындағы... Бірақ ол мені қатты таңғалдырды. Әрине, қолында ресурсы мен телеарна болды. 1-1,5 жылдың ішінде саяси партия құрды. Және табысты жылжыды", - дейді Ертісбаев.
Ермұхамет Қабиденұлы бұл жайында Нұрсұлтан Назарбаевпен тілдескенін айтты. Сөзіне қарағанда, Елбасы қызының әрекеттеріне қарап уайымдаған.
"Назарбаев уайымдады. Бір күні маған "Дариға негізінде мұны қаламайды" деді. Қанша дегенмен, қызы ғой. Барлығын жасап отырған Рахат (Әлиев). Оның ерте ме, кеш пе, билікке келемін деген "ауру" құмарлығы болды. Елімізде биліктің жетекшісі болу үшін оның бойында ешқандай негіз болмады. Назарбаевтың бойында бар харизма оның бойында тіптен байқалмады", - деді Ертісбаев.
Ертісбаев Дариға Назарбаеваны бүкіл халық сыйлайтын ханшайым ретінде көргісі келгенін ашық айтты.
"Дариға бірінші күннен бастап "қазақтың Диана ханшайымы" болғанда мінсіз болар еді.
Назарбаевты диктатор деп атайтын адамдар оның қандай екенін білмейді. Ол көп жағдайда сезімтал адам. Әсіресе, өзінің отбасына келгенде... Мемлекетті керемет, нәтижелі басқарды, бірақ отбасын билей алмады", - деді Ертісбаев.
Дереккөз: Stan.kz