«Қысым көрсетуі мүмкін» - Сот Хаменованың ұсталуы туралы жаңа дерек айтты

Oinet.kz 23-12-2021 1267

Жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты екі ай қамауда ұстауға санкция берілгені белгілі болды. Облыстық соттың баспасөз қызметі мұндай шешімді түсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Ведомство Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 22 желтоқсандағы қаулысымен прокурордың өтініші бойынша өңір әкімінің орынбасарын үй қамақта ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға қатысты Атырау мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы қаулысы күшін жойғанын хабарлады. 

"Хаменоваға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы жаңа қаулы шығарылды. Сот алқасы Хаминованың ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін (ҚК 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) назарға алды. Оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. 

- "Осы өңірде басшылық қызмет атқарып, ықпалы мен берік әлеуметтік байланысын пайдалана отырып, процеске қатысушыларға және істі объективті тергеуге қысым көрсетуі мүмкін", - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Шұғыла шағынауданы сапалы интернетпен қамтылды
Журналист қуаңшылық кезінде жанұшыра қызмет еткен Құрметке үй алып беруді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу