Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырын еске алып, елді жылатты

Oinet.kz 20-12-2021 1217

Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырын еске алды. Әнші бауырының өмірде ашық-жарқын адам болғанын айта келе, оған деген сағынышын Instagram парақшасында жеткізді.

Screenshot_7.jpg

“Бүгін аман болса, жанымның бір бөлшегі, Біржан бауырым 39 жасқа толар еді. 23 жасында қыршыннан қиылды. Артында ұрпағы қалмады. Содан бері 15 жыл 15 күндей зымырап өтіпті. Кейде мен оның есейген шағын елестеткім келеді.  Казір тірі болса, келіншегі, балалары қандай болар еді деп ойлаймын. Өлетін адам ерекше болады дейді ғой. Ол аңқау, ашық, жайдары, ертеңгі күнін ойламайтын асқан жомарт жігіт болатын. Естуімше, қарызды беріп тастап, оны қайтаруды ойламайтын”, – деп жазды әнші.

Түсіпбаева артынан ерген інілеріне қамқор болғанын айта келе, марқұм інісінің мінезі жайлы сөз етті. 

“Мен, соңымнан ерген 3 ініме де қамқор бола білдім. Оқуларын төлеп, жұмысқа тұрғызып дегендей. Өз басым, қарыз алып қайтармайтын адамдарды жек көргендіктен, бір күні Біржанға ұрсып, жалақы картасын тартып алдым. Аңғалсың, ертең отбасыңды қалай асырайсың дегенімде “картамды жұбайыма беріп қоямын” дегені есімде. Уақыт емші дегенмен, оның жазылмайтын жаралары болады-ау. Иманды бол, бауырым”, – дейді Меруерт ханым.

Әнші уақыт өтсе де, келмеске кеткен жақыныңды ұмыту мүмкін емес екенін айтты. Оған деген сағыныш жыл өткен сайын ұлғая береді деп меңзеді.

“Дәл осы күні біздің Біржан өмірге келген секілді. Уақыт емші дейді. Бірақ оған сенбеймін. Адам қайтыс болған жақынын қайта көре алмайтынын түсінгеннен кейін үмітін үзеді. Ал ол туралы естеліктерін еске алып іштей тұншыға береді. Уақыт өте ол туралы ойлаудың түк мәні жоқ екенін ұғына бастайды. Оның қайтып келмесі ақиқат қой. Әрі қарай құр бос өмір қалады”, – дейді Түсіпбаева.

Шымкенттік оқушы Алматы қаласында өткен көшбасшылар форумына қатысты
Ел президенттігіне үміткер болған азамат шаңырақ көтерді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу