9-қабаттан секірген әйелдің күйеуінің бай көңілдесі бар болып шықты (видео)

Oinet.kz 24-11-2021 6254

Үш баласымен терезеден секіріп өлген Бақтыгүл Қыдырбаеваның туыстары келіншектің өліміне күйеуі Нұрсұлтанды кінәлап отыр. Айтуларынша, марқұмның жолдасы казино ойнап, басқа әйелдің артынан кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

image.png

Алматыда 9 қабаттан балаларымен бірге секіріп кеткен Бақтыгүл Қыдырбаеваны бүгін туыстары жер қойнына тапсырды. Суицид жасаған келіншектің өліміне олар күйеу баланы кінәлап отыр.

Айтуларынша, Нұрсұлтан әйелінің көзіне шөп салып, басқа келіншектің артынан кеткен. Алматыдағы университеттердің бірінде оқытушы болып істейтін келіншек марқұмның күйеуінен жүкті деген әңгіме де бар.

- "Ол бала казино, карта ойнайтын бала. Ол жігіттің ойнасы бар. Соның кесірінен Бақтыгүл екеуі арасында жанжал болып тұрған. Қыз бен балаларының түбіне осы әңгіме жетсе керек. Қыз біреулер айтқандай ауру емес. Ол өте ақылды қыз болған. Туыстарда жиын-той болса Бақтыгүл сол жерді басқарып жүретін. Ол отбасы қаржылық қиындық көрген жоқ", — дейді Оразгүл Мырзабекова.

Көңілдесі Нұрсұлтаннан бірнеше жас үлкен әрі ауқатты көрінеді. Мұны да қаралы жиынға келген марқұмның туыстары айтып қалды.

9 қабаттан секіріп кеткен келіншек үш баласымен жер қойнына тапсырылды (фото)
Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу