Қызылордада үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды

Oinet.kz 22-11-2021 1125

Қызылордада жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

өрт.png

Төтенше жағдай 21 қараша күні сағат 17.43-те болған. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен тұрғын үйдің едені отқа оранған. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екіншісі үйге қонаққа келген 1990 жылғы азамат. Оқиға орнына департаменттің үш қызметкері техникамен аттанды. 

- Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрттің шығуына себеп болған отты абайсызда қолдану, яғни темекі шегу, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова. 

Қарағандыдағы балабақша қызметкерінің әрекеті видеоға түсіп қалды (видео)
Қасым Аманжол: «Айтыскерлер асабаның ар жақ, бер жағындағы қауым» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу