Марат Ахметжанов: «Шенеунік ақшасын қайда жасырса да іздейтін боламыз»

Oinet.kz 17-11-2021 1362

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов жемқорлар қаражатты қайда жасырса да іздейтінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Марат Ахметжанов.png

- Айталық, елімізге бірнеше миллиард теңге шығын әкелген бір жемқорды қолға түсірдік делік. Ол кінәсін мойындап сотталады. Айыппұл төлейді немесе жазаның басқа түрін алады. Осымен қылмыстық процесс аяқталып, үкімді орындау ғана жүреді. Ал бүгінгі қаржылық тергеу институтының ерекшелігі – бұл параллель институт. Оның аясында аталған лауазымды тұлғаға қатысты айыптау аяқталмайды. Қаржылық тергеу жүргізіледі. Ол ақшасын қайда жасырса да іздейтін боламыз. Яғни, мәселе барлық ұрланған қаражатты қайтару болып отыр, - дейді Марат Ахметжанов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде. 

Оның сөзінше, сотталған лауазымды шешеуніктің заңсыз жолмен тапқан қаржысын толық қайтару қолға алынады. 

- Мұның барлығы қаржылық тергеу аясында жүргізіледі. Қаражатты ұрлау сызбасы анықталады. Оның алдын алу тиімділігі болады, - дейді Ахметжанов. 

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Депутат: «Ұлттық жобаларда үлкен проблемалар бар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу