Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған Ресей азаматы: «Ана, әке көмектесіңдерші»

Oinet.kz 17-11-2021 1008

Әлеуметтік желіде ер адам Қарағанды облысында 20 жыл бойы еңбек құлдығында болғанын мәлімдеген видеохабарлама тарап жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Видеоға өзін Алексей Александрович Котов деп таныстырған орта жастағы ер адам түсірілген. Кадрларда ол Ресей Федерациясы Ярославль облысының тумасы екенін айтады.

- "Ана, әке, мен 20 жыл бойы тұтқындамын. Қолыңыздан келсе Қазақстаннан шығуыма көмектесіңдерші. Қарағанды облысы, Ақжал ауылы, Мұхтар қыстауы. Әке, қолыңнан келсе көмектес", - дейді ер адам видеода.

Бұл ретте ер адам қыстау орналасқан нақты жер мен иесінің атын атайды. Дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

- "Қарағанды облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адам өзін Қарағанды облысындағы қыстаулардың бірінде тұтқында болғанын айтқаны анықталды. Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шет ауданының полицейлері Ресей Федерациясының азаматы 44 жастағы ер адамды анықтады. Ол 20 жыл бойы 44 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз қанауына шыдап келгенін және мәжбүрлі жұмысқа тартылғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Шымкент: Жасөспірімдер арасында семсерлесуден чемпионат өтті
Атырау аялдамасындағы студенттердің бұзақылығы жұртты ашуландырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу