Атырау аялдамасындағы студенттердің бұзақылығы жұртты ашуландырды (видео)

Oinet.kz 17-11-2021 585

Атырауда жасөспірімдер жылы аялдаманы бүлдірген. Жастардың заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған, ол Instagram-да таралған, деп хабарлайды Oinet.kz ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

image.png

Видеоға пікір білдірушілер жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын тауып, айыппұл салуға шақырды.

Бұл оқиға туралы Атырау облыстық полиция департаментінде түсінік берілді.

- "12 қарашада Атырау қаласында 15-16 жастағы екі жасөспірім жылы аялдамалардың бірінің қабырғасына Instagram аккаунтындағы бірқатар жазбаларды жазу арқылы қоғамдық орынға зиян келтірді. Осы жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде таралды. Полицейлер іздестіру шараларын жүргізді, олар Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттері болып шықты. Балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оқу орнына жасөспірімдердің заңды өкілдері шақырылды", - деп хабарлады Атырау облысы ПД.

Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабына сәйкес "16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық, яғни мемлекет қорғайтын үйлерді, өзге де құрылыстарды, жазбаларды немесе суреттерді қорлау, сондай-ақ өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру" хаттамасы толтырылды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың бірі - 15 жастағы бірінші курс студенті. Колледж директорының орынбасары Назерке Қожабаеваның айтуынша, студентке қатысты оқу орнында профилактикалық әңгімеден басқа нақты шаралар қабылданбаған. 

- "Мұны сот шешеді", - деп түсіндірді Қожабаева.

Бұл оқиғаға байланысты материалдар Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06

Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған Ресей азаматы: «Ана, әке көмектесіңдерші»
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, үш адам қаза тапты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу