Бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

Oinet.kz 08-11-2021 757

Қостанайда бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы Ғалиасқар Сейітжанов өлі табылды. Жексенбі, яғни 7 қарашада "Дос" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері мәйіттің табылғаны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz "Алау" порталына сілтеме жасап.

image.png

Жігіт 15 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңертең Карл Маркс көшесі, 7 мекенжайы бойынша үйден шығып, қайта оралмаған.

Жақындарының айтуынша, Ғалиасқар сабырлы, жауапты және өте мейірімді жігіт болған. Ешкіммен арада келіспеушілік болмаған. Бұрын кетіп қалып көрмеген, әрқашан үйде түнеген. Жоғалған жігіттің үлкен ағасы Алмаз Қадырбаев бұған дейін "Наш Костанай" газетіне Ғалиасқардың жоғалуы жұмбақ жай екенін айтқан. Белгісіз жағдайларға байланысты, бір күн бұрын ол иығын сындырып алған, бірақ туыстарына ештеңе айтпаған.

Жоғалып кетер алдында Ғалиасқар әскерге барғысы келгендіктен "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-нен шығып кеткен. Жігіт жарақаты жазылғасын, Отан алдындағы борышын өтегісі келген. Алмаз Қадырбаевтың айтуынша, бұл інісінің өзінің тілегі болған, бұл шешімге саналы түрде келген.

image.png

- Ол ата-анасымен, ағасымен бірге тұрған, ішпейтін, темекі шекпейтін, тек жұмыс-спортзал-үй арасында жүретін. 15 қыркүйекте кешке ағасына қоңырау шалып, үйге "Второй подъем" аялдамасының маңында келе жатқанын айтқан. Мен алып кетуім керек еді, келгенде ешкімді таппадым. Телефоны өшіп тұрды. Үйге қонбады. Келесі күні, 16 қыркүйекте анасына қоңырау шалған, содан кейін болды. Сол уақыттан бастап байланысқа шықпады. Полиция қоңырауларды тексерген кезде, ол 16-сы күні таксиді "Апельсинге" шақырғанын білді. Оны камераларда көруге болады, содан кейін белгісіз.., - деді жоғалған адамның ағасы.

Оның айтуынша, Ғалиасқар өз еркімен кетіп, туыстарын уайымға салмайды: ол әрқашан қоңырау шалып, анасы алаңдамауы үшін қайда екенін айтып жүрген. Бұл әрекет оған тән емес.

Жоғалған адамның ағасы полиция үш күннен кейін ғана өтінішті қабылдағанын айтады. Қазір тергеу "Адам өлтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Ақтауда жарылыс болған кафе иесі пікір білдірді
​Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Шымкент қаласының жастарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу