Таңғы серуен – тән азығы!

Oinet.kz 13-09-2021 894

Screenshot_1.jpg

12 қыркүйек – Отбасы күні қарсаңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев, Шымкент қаласы «Келешек» жастар кеңесінің жастары Асанбай Асқаров атындағы дендросаябағына таңғы серуенге шықты. Таңғы серуенде кәсіподақ өкілдері «Jas Otan» жастар қанатының мүшелерін кездестірді.

Бауыржан Ілімшеұлы таза ауада серуендеу барысында жастарды Отбасы күнімен құттықтап, отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез-келген зиялы қоғамның діңгегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіподақ төрағасы таңғы серуен бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін берді.

«Сіздерге, яғни жастарға тәтті ұйқыны тәрк етіп күнделікті таңғы серуенге шығу оңай болмауы мүмкін. Алайда, осы бір істі өмірлік дағдыға айналдырсаңыз, тәндеріңіз бен жандарыңыз ұшан-теңіз пайдаға кенеледі. Тіпті дүние жүзінің ғалымдары әлемді әбігерге салған пандемиядан сақтанудың бірден-бір төте жолы қимыл-қозғалысты үдетіп, таңертеңгі уақытта көбірек серуендеу екенін жарыса жазғаны есімізде. Таңертеңгі уақыт адамға рухани қуат береді. Ал, ұйқыны жақсы көретіндер бұл олжадан құр алақан қалып жүр. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстанып, осыны әдетке айналдырғандарыңыз жөн», – деді Бауыржан Ілімшеұлы.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар 17 адамға жетті
Маңдай тердің мерейі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу