Маңғыстау облысының әкімі болған Ноғаев бидің түбін түсірді (видео)

Oinet.kz 08-09-2021

Күні кеше Маңғыстау облысының әкім болып тағайындалған Нұрлан Ноғаев бидің түбін түсірді. Бұл видеоның қай кезде түсірілгені белгісіз. Rimma Nyrlbekovna есімді Facebook қолданушысының парақшасында жарияланған видеоны көрген көпшілік Нұрлан Ноғаевтың өнеріне тәнті болды. 

Нурлан Ноғаев.jpg

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

Қарапайым электриктен әкім, министр қызметтеріне дейін көтерілген. 2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.  2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі болды. 2019 жылы Энергетика министрі болып тағайындалды.

Шымкентте «Бизнестің жол картасымен» 970 жоба қаржыландырылды
«Әйелдерге арналған лауазымдар болады» - «Талибан» жаңа үкімет туралы


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×