Шымкентте «Бизнестің жол картасымен» 970 жоба қаржыландырылды

Oinet.kz 08-09-2021 618

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарына қарасты шағын аудандар мен тұрғын алаптар тұрғындарымен кездесулер өткізіп, Мемлекет басшысының Жолдауында қамтылған мәселер бойынша қала көлемінде атқарылатын жұмыстар тізбегімен таныстыруда.

image.png

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қаламызда бүгінге дейін 1788 жоба 57,4 млрд.теңгеге қаржыландырылып, 7,2 мың жұмыс орындары ашылған. Яғни әрбір үшінші жоба аталған бағдарлама аясында іске асқан. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Бизнестің жол картасы» бойынша 8,4 млрд.теңге қаржы қарастырылып, 7 айда 5,7 млрд.теңгеге 970 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша биылға жоспарланған 80 жобаның 61 жобасы қаржыландырылды.

Шымкентте шикізат емес секторда бес жылда 608 млрд. теңгеге жаңадан 62 жоба іске асатын болады. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, тамақ, химия, машина жасау салаларында 30 жаңа өнім түрлері экспортталмақ. Өнім шығару географиясы қазіргі 15 елден 2025 жылы 25 елге жеткізілмек. Қаланың экспорттық әлеуетін арттыруда «Жұлдыз» индустриалды аймағында 200 млрд.теңгеге 60 жоба, «Стандарт» жеке индустриалды аймақта 180 млрд.теңгеге 30 жоба іске асады деп көзделген.

Қала бойынша қазір инфляция деңгейі 5,4 пайызды құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда Өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 4,7 млрд.теңге бағытталды. Азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығын сақтауда әлеуметтік дүкендер желісі ашылған. Жыл соңына дейін қосымша 7 дүкен ашылып, барлығы 10 дүкен халыққа қызмет көрсететін болады. Жергілікті тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде 14 меморандум түзіліп, ауыл шаруашылық өнімдеріне форвардтық келісім-шарттар жасақталады.

Президент Жолдауында көрініс тапқан осы және өзге де мәселелер бойынша қала ауқымында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған шаһар басшысы, берілген тапсырмаларды өз деңгейінде атқаруға қаланың мүмкіндігі жететінін атап өтті.

Қаратау ауданындағы 7 мыңға жуық тұрғын биыл таза ауыз сумен қамтылады
Маңғыстау облысының әкімі болған Ноғаев бидің түбін түсірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу