«Cол күні қызметте болған өрт сөндірушілердің барлығын марапаттау керек» - журналист (видео)

Oinet.kz 31-08-2021 4853

Белгілі журналист Мақсат Толықбай Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орын алған жарылыстан аман қалған өрт сөндірушілерді де марапаттап, тиісті деңгейде өтемақы алуы тиіс деп есептейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты.

Мақсат Толықбай.jpg

- Жамбыл облысындағы жарылыстың куәгері, дәл қазір ауруханада жатқан өрт сөндірушілердің бірі сұхбат берді көрген шығарсыздар. Шақырту түсті, бірнеше көлік боп бардық. Әрине қорқыныш болды, бірақ сол маңда жүрген әскерилерден сұрадық мына қойманың ішінде не бар, қазір жарылып кетпей ме деген сияқты. Ештеңе жарылмайды, жұмыстарыңды жалғастыра беріңдер, жарылатын қойманың ішінде ештеңе жоқ деп айтты дейді. Екінші куәгердің де сөзі осындай. Өздері ашық айтып отыр жарылатынын білгенде біз ол маңда жүрмес едік деп. Егер осы айтып отырғандары рас болса бұл өрт сөндірушілерге эасалған қастандық қой кәдімгі өлімге айдап салу. Өйткені әскерилер жақсы біледі пиратехникалық заттар, оқ-дәрі, жарылғыш заттар сақталатын қоймадан өрт шығатын болса жарылу қаупі жоғары болатын болса, оны шлангыдағы сумен өшіру мүмкін емес. Ол кәдімгі Қожанасырдың оқиғасына ұқсайды ғой. Өрт сөндіру техникасындағы 2,5 тонна ғана су неге жетеді 5 минутта ғана бітіп қалады. Қаншама адамның өмірін сақтап қалуға болатын еді. Ата-ана баласынан, баласы әкесінен айырылды, сондықтан бұл жерде кінәлілердің бәрін анықтап, жазаға тартып, соттау керек. Екіншіден, жарылыстан қаза тапқандарды орденмен марапаттады. Ал жарылыс болатын сәтке дейін сол оқиға орынынан табылған өзге өрт сөндірушілер тірі қалғаны үшін жазықты ма? Барлығы жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Ол жарылыс неден болды. Оған кім кінәлі? Оған өрт сөндірушілердің түк қатысы жоқ. Үйің өртенсе де келеді. Қораң өртенсе де келеді. Бұл жерде алаламай, сол күні қызметте болған өрт сөндірушілердің барлығын марапаттап, тиісті деңгейде өтемақы беру керек деп есептеймін - деді Мақсат Толықбай. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)

Тараз маңындағы жарылыстан қаза болған үш сарбаздың кім екені анықталды (фото)
Жамбылдағы жарылыс: «Қақпадан секіріп өтіп қашқан әскерилер бейнекамераға түсіп қалған» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу