Жамбылдағы жарылыс: «Қақпадан секіріп өтіп қашқан әскерилер бейнекамераға түсіп қалған» (видео)
AIBAT жаңалықтар қызметі әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылған жарылыстың видеосын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz.
Таспада жойқын жарылыс екпіні дәмхана қонақтарын бірнеше метрге ұшырып жібергені бейнеленген. Камераға сондай-ақ сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп қашқан әскери форма киген адамдар түсіп қалған. Видеоны өңірдегі меншікті тілші Данияр Әлімқұлға @abadan_akyn дәмхана иесі берген.