Тараз маңындағы жарылыстан қаза болған үш сарбаздың кім екені анықталды (фото)
Тараз маңында орын алған жарылыстан соң қазасы расталған үш өрт сөндірушінің сараптама қорытындысы дайын болып, кім екені анықталды. Бұл туралы 31 арна тележүргізушісі Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында хабарлады.
- Жап-жас кеткен қыршындар ай((( Көпшілігіңіз жіберіп жатсыздар. Әділет, Әліби, Ғафанның қазасы расталғанын таңертең естідім. Жақындары парақшамды оқып отырған соң, жазғым келмеді. Үш сараптама қорытындысын бүгін айтады деген еді. Бірнеше күннен бергі үміттері өшті-ау(. Жұбатарға сөз жоқ. Бейбіт күнде қыршын кеткен боздақтардың жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Жақындарына Алла сабыр берсін! - деп жазды журналист.