Желіде ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті тарап кетті (фото)
Желіде адам толып отырған ұшақ бортынан сурет жарияланды, бұл ұшақ америкалық эвакуациялық әуе кемесі делінеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Суретті Пентагонның баспасөз қауымдастығы вице-президенті Маркус Вайсгербер Тwitter желісінде жариялады. Кадр 15 тамызда кешкі уақытта түсірілгені айтылады.
Суретте Ауғанстаннан АҚШ-қа ұшатын америкалық көлік ұшағының салоны бейнеленген. Бастапқыда адамдарды бұлайша бортқа алу жоспарланбағаны атап өтілді, бірақ елден кеткісі келетін ауғандардың ағынын тоқтату мүмкін болмапты. Нәтижесінде, Вайсгербердің айтуынша, ұшақ салонына шамамен 640 босқын жиналған.