Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Oinet.kz 26-07-2021 601

Шымкент қаласындағы «Энергопоток» ЖШС-інің ұжымына жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оны шешу бойынша қабылданған шаралармен ақпараттандыру бойынша онлайн семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігініңтөрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты.

Screenshot_8.jpg

Семинарда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев сөз сөйлеп, қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді.

Жиында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және Шымкент қаласы әкімдігі арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі мәселелер қозғалды.

Айта кетейік, «Энергопоток» ЖШС-інде 195 кәсіподақ мүшесі бар.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

Петропавлдық отбасыда 17-ші сәби дүниеге келді
«Қиянат болмағанын дәлелдеу үшін басты сот процесін күтемін» - Біртанов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу