Жұмыс сапасымен танысты

Oinet.kz 13-07-2021 660

Screenshot_16.jpg

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасына енген «Сауле» мөлтек ауданы №195 орам газ құбырлары жүрген жұмыс сапасымен танысты. Кездесуге Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қатысты.

Берік Айдарбекұлы алдымен, жергілікті тұрғындармен тілдесті. Жергілікті тұрғындар елді мекен шалғайда орналасқанына қарамастан, санаулы жылдардың ішінде электр желісі, ауыз судың тартылғанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда газ құбырлары орнатылып, әр үйде газ болатын күнді асыға күтетіндерін жеткізді.

Шымкент қаласы Бадам 195 орам елді мекенінде табиғи газ жүйелері құрылысын мердігер мекеме  – «Комби-Строй-І» ЖШС-і жүргізуде. Атқарылған жұмыстар: газ құбырының ұзындығы – 16,988 км., ГРПШ – 42 дана, ГРПШ10 – 393 дана, 828 үй. Жобаның жалпы құны – 298,7 миллион теңге, игерілген қаржы – 278,7 миллион теңге. Толығымен жұмыстар 2021 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, әр үйге газ айналымын есептегіш құралы тегін орнатылған.

Есеп тыңдалды
Әуежай терминалының жаңа құрылысымен танысты.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу