Әуежай терминалының жаңа құрылысымен танысты.

Oinet.kz 13-07-2021 677

Screenshot_18.jpg

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Шымкент қаласындағы әуежай терминалының жаңа құрылысымен танысты. 

Қазақстанның үшінші мегаполисіне заманауи терминалы бар халықаралық әуежай қажеттігі бұрыннан көкейде жүрген жай. Жай ғана емес, әуе айлағының сыйымдылығын он есе арттыратын, бүкіл аймақ тамырына қан жүгіртетін терминал керек еді. Құрылыс жұмысында ғана емес, сонымен қатар ХАБ-ты әуежайларды одан әрі тиімді дамытуда жеткілікті тәжірибесі бар SCAT компаниясы – осы жобаның бас инвесторы. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2021 жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.

Жаңа терминал бір уақытта 2000 жолаушыға және 16 ұшаққа қызмет көрсете алатын болады. Соның арқасында жолаушылар саны жылына 800 мыңнан 3,5 миллионға дейін көбейеді. Инфрақұрылымды жаңа деңгейде дамыту арқасында бизнес пен жеке тұлғалардың жүк тасымалдауға деген сұранысын тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік бар.

«Әуежай кешені, инженерлік-техникалық база мен жоғары деңгейлі авиация мамандарын шығаратын оқу орталығының арқасында 3000-нан астам адам жұмыспен қамтылмақ.

Жұмыс сапасымен танысты
«Құрмет оқудан орыс тілін білмегені үшін шығарылды» - досы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу