Талғат Мұсабаевтың жас қызды соққыға жыққаны рас па?

Oinet.kz 26-06-2021 1564

Сенатор, белгілі ғарышкер Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz сайытна сілтеме жасап.

Талғат Мұсабаев.jpg

- 24 маусым күні Триатлон саябағында болған оқиғаға байланысты былай дегім келеді. Серігіммен кешегі серуен кезінде ит жетектеген қыз бізге қарсы жүгіретін жолақпен келе жатты. Оған итінің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасадым, себебі мұны басқа адамдарға қауіпті деп санадым. Бірақ бізге жағымсыз әрі дөрекі жауап айтылды, әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзі де жазды, - деді Т.Мұсабаев.

Оның айтуынша, қыз полиция шақыртқаннан кейін полицейлер келуін күтіп, куәлік беруге, өз құқығын заң бойынша қорғауға дайын екенін жеткізген.

- Полицияның екі қызметкері келген соң түсінік берілді, арызданушы да түсінік берді. Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қол созып, кешірім сұрады. "Ұрып-соғу" туралы айыптау негізсіз деп есептеймін, - деді ол.

Журналистер арасындағы турнирде «Рейтинг–Собкор» жеңіске жетті
Тағы дау: Талғат Мұсабаев аутизммен ауыратын балаға тіл тигізген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу