Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сүйінші жаңалықты Мөлдірдің әпкесі Меруерт Әуелбекова жариялады.
"Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма күні Мөлдір қыздарыңыз қыз босанды. Аллаға сансыз шүкір, бәрі жақсы. Қош келдің, Айша қыз! Алла ұзақ, бақытты ғұмыр берсін, ботақаным", - деп жазды Меруерт Әуелбекова.
Екінші сәбиіне жүкті кезінде Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып ауруханаға түсті. Содан кейін босанғанша үйден шықпай, күтінетінін айтқан еді.
Айта кетейік, әнші алғашқы некесінен 2016 жылы ұл босанды.