«Маска» шоуының жеңімпазы жұлдыздарға пародия жасады (видео)

Oinet.kz 10-06-2021 1375

"Хабар" арнасының "Маска" шоуында жеңіске жеткен "Арқар" образындағы Ерден Жақсыбековтың желіде қазақстандық әншілерге салған пародиясы тарады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Видеодан Ерден Жақсыбеков қазақстандық әншілер Айқын, Ақылбек Жеменей, Қайрат Түнтеков, Әли Оқаповтарға пародия жасайды. Пародия сәтті шығып көпшілікке ұнады. 

Еске сала кетейік, "Маска" шоуының қорытынды қойылымда Ерден Жақсыбеков Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін орындады.

Оның дауысының жоғары тембрі қазылар алқасын бірден таңғалдырды. Ерден Арқардың кейпіне еніп әрекет етті. Оған жеке тапсырыс бойынша костюм тігілген. Әртіс интриганы бағдарламаның соңына дейін сақтады. Ол қара маска киіп келген, киім ауыстыратын бөлмеде ешкіммен сөйлеспеген.

"Костюм ауыр болды. Біз киімді сахнаға шығардан 5 минут бұрын ауыстырдық. Мен ауа жетіспейтінін ұмытып, тоқтамастан биледім. Мен жеңемін деп ойламадым. Менің атымды жария еткенде қатты қуандым", – деді Ерден Жақсыбеков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

«Мектеп директорының қысымына шыдамады»: 9-сыныпты бітірген оқушы өзіне қол салды
Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу