Шарын шатқалында аман табылған қыздың жақындары оқиға жайлы айтты

Oinet.kz 01-06-2021 2026

Шарын шатқалына барып артынша селге ағып жоғалды деген 11 жастағы Зере Ұланқызының аман табылуын қаншама ел тілеп еді. "Шарын" паркінің қызметкерлері оқушыны 18 сағаттан кейін тапты.  Төтенше жағдай қызметкерлері де, ел-жұрт та әрі қуанған, әрі таң қалған. Мамандар оқушыны ағызып әкеткен селдің бір метр биіктігімен, селмен ағып барып қосылған Шарын өзенінің тереңдігін ескере отырып оқушы тұрмақ ересек адамның да тірі қалуы екіталай деп баға беріп отыр. Зере екі адамды мерт қылған қауіпті тастан 4 шақырым жердегі өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.  

Screenshot_2.jpg

Шарын шатқалындағы селден қаза тапқандарды естіген ел, ендігі суға аққан Зерені тірі көреміз деп ойламадық деп таңғалды. Бір метр биіктікпен тасқп соққан жойқын күшті селдің ізі әлі күнге дейін орылып жатыр. Ақылға салған адамға мұндай қауіпті жағдайда тірі қалуды ойлаудың өзі қиын дейді жақындары.

"Тірідей таппаймыз деп ойладық. Ешқандай логикаға сыймайды, топқа бөлінген ғой. Сол көз жұмғандар Зеремен бірге болыпты. Олар алдында кетіп бара жатқан", - деді Зеренің әпкесі Арай Адаспаева. 

Сел ағызып мерт болған екі адам табылған жерден Зере ағып барып ағысы қатты Шарын өзеніне түскен. Айтуынша өзінің өзен үстінде екенін сонда бірақ біліпті.

"Таза суды көріп, өзен екенін білдім. Аяқ-киіміді шештім. Сөмкемды шештім. Денемді бос ұстап, суда жаттым. Су мені жаймен алып кетті. Түнде тасқа шығып ұйықтадым", - дейді Зере.

"Автобусқа ақша, постқа ақша төледік. Посттан басқа бері қарай алып келуге ақша деп айтты. Сонда олардың міндеті, меніңше, ауа райын қарап жаңбыр келе жатыр, тоқтатыңдар немесе төмендегі адамдары шығарыңдар деп айту керек еді. Суып кеткен адамдар бір-біріне. Видеоға түсіріп тұрғанша, көмектесуге жүгірмей ме? Айғайламай ма? Көмектеспей ме?!" - дейді Зеренің анасы. 

"Сөйлессем, "түнде суық болды, кішкене тоңдым" деп айтты. Бірақ тіземді құшақтап отырғанда кішкене жылындым дейді. Таңертең күн шыққанда жатқанмын деп айтады. Бала ғой, өлең айтып отырған кезде адамдарды көріп "көмектесіңдер" деп айқайлаған", - дейді Зеренің әкесі Ұлан Әбішов.

Жұртшылық жаппай алаңдап Шарын шатқалында жоғалды деген бір оқушы 18 сағаттан соң аман- есен табылды. Қазір жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Іздестіруге жалпы 109 адам жұмылдырылыпты. Қазір тікұшақпен Алматыдағы №1 Балалар ауруханасына жеткізіледі.

Зеренің әкесінің сөзінше, денесінің ауырсынған жерлері енді білініп жатыр. Өйткені кеше дәрінің күшімен білінбеп еді деп отыр. Дәрігерлер жағдайды бақылауға алып отырғандарын айтады. Бас миы шайқалып, аяқтарының терісі сыпырылып түсіпті дейді. Зеренің жазылып кетуін қалың көпшілік тілеп отырғаны сөзсіз. 

Еске салсақ, бұған дейін Шарында сел жүріп, екі адам көз жұмғаны айтылған еді. 

«Баспанамызды шенеуніктер тартып алмақшы»: Жамбылдықтар Президенттен араша сұрайды
«Әйелін сабаған еркекті 7 жылға соттатын заңды қабылдағандар - қазақтың жаулары»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу