Табынбаев вакцинадан кейін аяқ-қолы тартылып қалған әйелге байланысты пікір білдірді

Oinet.kz 27-05-2021 1754

Әлеуметтік желіде вакцина алғаннан кейін аяқ-қолы тартылып, тырысып қалған әйелдің видеосы тараған болатын. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оқиғаға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- Мұндай оқиға расымен болған. Видеодағы әйел перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет етеді. Осыдан 5 ай бұрын жұмысқа тұрған. 29 сәуір күні вакцина салдырған, құрысу симптоматикасы болған. Ол емханаға және кеше №7 ауруханаға барған және оқиға расталып отыр. Оған тиісті көмек көрсетіліп, үйге жіберілді, - деді Нариман Табынбаев. 

Сонымен қатар, ол медицина қызметкерін жұмыстан шығарамыз деген ақпаратқа қатысты түсінік берді. 

- Аталған аурухана басшысымен сөйлестік, бұл жағдайда мәжбүрлеу болған жоқ, бірақ көндіру болды. Мен мұны дұрыс деп санаймын, өйткені ол акушер. Яғни босанатын әйелдерге көмек көрсететін маман. Ол ана мен балаға қауіп төндірмеуі керек. Бұл менің ойым, оны ешкім жұмыстан шығара алмайды, бірақ вакцина алуға көндіру қажет деп санаймын. Неге оның кесірінен басқа біреу зардап шегуі керек, - деді Алматының бас дәрігері.

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» онлайн кездесу өтті
Алексей Цой экс-министр Біртанов туралы пікір білдірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу