«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» онлайн кездесу өтті
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне қарасты "YNTYMAQ" салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының құрамындағы "Манкент шипажайы" АҚ-ның бастауыш кәсіподақ ұйымында онлайн кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев, "Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Данияр Кирбасов, "Манкент шипажайы" АҚ-ның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Нұрашев, кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты. Кездесудің мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымының жеткен жетістіктері және жұмыстарымен кеңінен танысу, сондай-ақ ұйымда кездесетін өзекті мәселелерді талқылау болды. Кездесуді «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі ашып беріп, алғы сөзді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешевке берді.
Нұрлан Сүлейменұлы еліміздің барлық аймақтарында өткізілген мұндай кездесулер жергілікті шешімдерді қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу және еңбек ұжымдарындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін ұтымды ұсыныстармен бөлісу осындай кездесулердің негізінде атқарушы органдарға ұсыныстар дайындалатынын, ал кәсіподақтар мен жалпы Федерация тарапынан өзекті мәселелерді шешудің ең қолайлы жолдары ұсынылатынын айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Бұдан кейін қатысушыларды ақпараттандыру үшін "Манкент" АҚ-ы жайында және бастауыш кәсіподағы ұйымының атқарған жұмыстары бойынша дайындалған бейнематериал көпшіліктің назарына ұсынылды.
Конференцияны жүргізіп отырған «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев шипажай аумағынан "Кәсіподақтар бағын" ашу бойынша ұсынысы шипажай басшылығы тарапынан қолдау тапқанын және алдағы уақытта осы бойынша жұмыстар атқарылатын жеткізді.
Сөз кезегін алған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Нұрашевтің мәлімдеуінше, шипажайдағы маусымдық қызметкерлерді қоспағанда, жалпы қызметкерлер саны 195 адам, барлығы да кәсіподақ мүшелері.
Ержан Жандарбекұлы «Манкент шипажайының» құрылу тарихы өткен ғасырдың 22 жылынан бері бастау алатынын және ұжымдағы бастауыш кәсіподақ ұйымы да сол кәсіпорынның құрылған кезеңімен сабақтас болып келетінін мәлімдеді. "Манкент" шипажайында кәсіподақ құрылғанына 100 жылға жуық уақыт болды. Ал, "YNTYMAQ" шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филилалына мүше болғанына биыл 3 жыл толып отыр.
Өткен жылы түскен кәсіптік жарна 2 569 576 теңгені құрады. Мекеме қызметкерлерінің түскі асының 50 пайызы шипажай тарапынан өтелсе, 30 пайызы тұрақты түрде кәсіподақ қаржысынан өтелді. Демек, қызметкерлер түскі асының тек 20 пайызын ғана өз қаржысы есебінен төлеген. Бұл үрдіс биыл да жалғасуда.
Былтыр шипажайдың 13 қызметкеріне 10 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Ал биылдың өзінде бастауыш кәсіподақ ұйымы 8 адамға қолдау көрсетіп үлгерді.
Өткен жылы мерейтой иелеріне, яғни 9 қызметкерге 5 мың теңгеден берілген. Ал 2021 жылдың 5 айында 4 адамға 5 мың теңгеден берілді.
Жаңа жылдық сыйлықтарға кәсіподақ тарапынан 568 545 теңге бөлініп, қызметкерлерге сыйлықтар табысталды.
Өткен жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 305 700 теңгеге сыйлықтар сатып алынса, биыл 266 000 теңге қаржы жұмсалған.
Сонымен қатар 2020 жылы Медицина қызметкерлері күніне орай 60 мың теңге қаржы жұмсалды.
Айта кетейік, Мерекелер қарсаңында түрлі мәдени ісшаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Кездесу барысында Ержан Жандарбекұлы шипажайда жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша Парламент қабырғасында қаралса деген ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Жиынды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Утешев қорытындылап, оң бағасын берді. Нұрлан Сүлейменұлы еңбек адамының мүддесін қорғау кәсіподақтардың негізгі жұмысы екенін айтып, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің бастамасымен еңбеккерлердің айлық жалақыларын бүгінгі таңда орын алып жатқан ифляцияға байланысты индексациялау мәселесі Үкімет деңгейінде қаралып жатқанын мәлім етті. Сондай-ақ, Сатыбалды Телағысұлының бастамасымен ең төменгі жалақы орташа жалақының елу пайызына дейін көтерілуі керек деген ұсынысы министрлікке жолданған.
Кездесу соңында "Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі орталықтың атынан ұзақ жылдар бойын "Манкент шипажайы" АҚ-ында қызмет еткен, бүгінде зейнет жасына жеткен Қанаев Төрехан Іңкәрбекұлы және Рысдәулетов Серік Байгеліұлына салтанатты түрде төсбелгілерді кеуделеріне тақты.
Кездесу соңында «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев кездесуге қатысқан барлық кәсіподақ мүшелеріне шынайы алғысын білдірді.
#kasipodaqkz
#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Түркістан #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы