«Эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді» - Алексей Цой
Соңғы аптада елімізде коронавирустың анықталған жағдайы 4 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Қазіргі уақытта ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайының анықталған саны 4 мыңға дейін төмендеді. Толықтай алғанда ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.