«Халық қолдаса Президент болуға дайынмын» – Жанболат Мамай (видео)
"Демократиялық партияның" жетекшісі, қоғам белсендісі Жанболат Мамай халық қолдап жатса ел басқаруға дайын екендігін жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
- Әрине, саясатта жүргеннен кейін алдыңа үлкен мақсат қоюың керек. Алдыңа жоспар қоймасаң, сол мақсатқа жетудің жолдарын ойластырмасаң онда айналысып керек емес. Кез келген салада болсын алдыңа үлкен мақсат қоя білу керек. Менің мақсатым міндетті түрде Президент болу емес. Менің мақсатым осы елді бір өзгеріс жасау. Билікке келу арқылы Қазақстанда бір саяси өзгеріс жасау. Президент болу ма, Парламентке келу ма, ол жағын енді көре жатармыз. Бірақ елдегі жағдай қандай болады. Мына билік қандай қастандыққа барады, бармайды. Әлде бізден де асып кететін мықты азаматтар шыға ма? Оны уақыт көрсетеді. Осындай бәсекелестікте, адал бәсекеде халық қолдап, даусын беріп, биікке көтеріп жатса ел үшін қызмет етуге дайынбыз - дейді Жанболат Мамай.