Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Танымал әнші Жанар Айжанованың күйеубаласы Қыран Талапбек келіншегі Айжұлдыз Адайбекованы ұлды болғанымен құттықтамады. Қыран Талапбек әлеуметтік желісін белсенді жүргізеді. Бірақ ол парақшасына көптен бері келіншегіне қатысты ешқандай пост жарияламады.
Бұған дейін жас режиссер Қыран мен Айжұлдыз шаңырақ көтерген соң көп ұзамай ажырасып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Жас жұбайлар бұған қатысты ешқандай пікір білдірмеді. Осыған қарап көпшілік оларды шыныменде ажырасып кетті деп топшылады.
Күні кеше Айжұлдыз перзентханадан шыққан, ұлымен түскен сәттерін жариялап, қиналып, азап шегіп босанғанын жазды. Оның постынан Қыран Талапбекті байқай алмадық.
Айжұлдызды көпшілік ана атанғанымен жаппай құттықтап жатыр. Бірақ күйеуі әлі құттықтамады. Дегенмен Қыранды оқырмандары әке атануымен құттықтап жатыр.